COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / «FinAI Forum 2024» – Тараздағы финтех және жасанды интеллект саласындағы алғашқы форумы

«FinAI Forum 2024» – Тараздағы финтех және жасанды интеллект саласындағы алғашқы форумы

 

8 қараша күні Тараз қаласында алғаш рет Жамбыл облысы бойынша финтех және жасанды интеллект тақырыбына арналған «FinAI Forum 2024» өтті. Бұл ауқымды шараны Zhambyl IT Hub және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты бірігіп ұйымдастырды. Форумның басты мақсаты – өңірдегі IT мамандарына жаңа мүмкіндіктерді таныстырып, олардың кәсіби дамуына қолдау көрсету.

 

 

Форумның алғы сөзін институт президенті Нұржан Муслимов бастап, өз сөзінде ол аймақта IT және финтех салаларының даму мүмкіндіктері мол екенін айтып, FinAI Forum сияқты іс-шаралардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, форумның Жамбыл облысында қаржылық технологиялар мен жасанды интеллектті дамытудағы алғашқы қадамы екенін жеткізді.

Іс-шара аясында бірнеше беделді спикерлер сөз сөйледі. Олардың әрқайсысы финтех пен жасанды интеллект саласындағы жаңа трендтер мен тәжірибелерімен бөлісті.

 

 

Форум спикерлерінің бірі, «Prosperpay» компаниясының бас директоры Бейбіт Жантурин, қаржылық қызметтердегі инновациялар мен әлемдік трендтер туралы ойын былайша жеткізді:

“Қазіргі таңда қаржылық технологиялар күннен-күнге дамып келеді. Біздің мақсатымыз – Қазақстандағы қызметтерді әлемдік деңгейге көтеру. Жасанды интеллект бұл салада шешуші рөл атқарады. Біз осы бағытта үлкен мүмкіндіктерге ие екенімізді түсінуіміз керек, әсіресе, еліміздің жас таланттарын осы салаға тарту маңызды.”

 

 

Ал «FinData» компаниясының негізін қалаушы Айсұлтан Садықбек қаржылық жоспарлаудағы ЖИ мүмкіндіктері туралы пікір білдірді:

“Жасанды интеллект – қаржыны тиімді жоспарлауда таптырмас құрал. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, ЖИ-дің көмегімен қарыздар мен инвестицияларды оңай басқаруға, шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік бар. Бұл әсіресе, шағын және орта бизнес үшін аса маңызды.”

 

 

«FinAI Forum 2024» Жамбыл өңіріндегі IT және финтех саласындағы жаңашылдықтарды дамытуға үлкен үлес қосты. Форум Жамбыл облысындағы IT қауымдастығы үшін кәсіби байланыстар орнатуға, білім алуға және тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар әлі де жалғасын табады.