COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / Шерханды тану – Қазақты тану

Шерханды тану – Қазақты тану

 

30-қазанда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы және Тараз қалалық әкімдігінің білім бөлімімен бірлескен түрде қалалық «Шерхан оқулары» байқауы өткізілді. Байқау қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды.

 

 

Іс-шараны ашқан Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Құлабекова Гүлшат Қамбарбекқызы қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

 

Бес бағытта ұйымдастырылатын байқаудың  әділқазылар алқасы:

1-бағыт бойынша

Шалдыбаева Гүлзейнеп Бахтияровна

№12 мектеп-гимназиянын қазақ тілі мен әдебиеті пәни мұғалімі, педагог-шебер, төраға

Архабаева Гүлнұр  Ермаханқызы

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының  аға оқытушысы

2-бағыт бойынша

Бекназаров Бахтияр Арманұлы

Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ, «Жастар саясаты және тәрбие жұмысы»  басқармасының басшысы, төраға

Сапарғалиева Сымбат Нұрғалиқызы

Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ, Ақпараттық-кітапханалық орталық директоры

3-бағыт бойынша

Әбілов Меңдібай Әбілұлы

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының  доценті, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, төраға

Әліпбаева Салтанат Нұрахановна

№47 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,

педагог-зерттеуші

4-бағыт

Қуатбекова Раушан

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасының аға оқытушысы, төраға

Накипова Салтанат Абдувахаповна

Көркемөнер мектебінің сурет пәні мұғалімі

5-бағыт

ӘБДІМАНАПОВА МЕРЕКЕ БАҚБЕРГЕНҚЫЗЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Журналистика және филология» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі, төраға 

Байсақалова Жадыра Манатқызы

«Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші маманы

 

 

Өз кезегінде 9-рет ұйымдастырылып жатқан байқауға жыл өткен сайын оқушылар мен мұғалімдердің қызығушылықтары артуда. 

Бүгінгі байқаудың қалалық кезеңінде орта мектептердің 9-11 сыныптарынан барлығы 57 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша құттықтау сөз алған институт ректоры М.Сарыбеков жеңімпаздарды құттықтап, дипломдер мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.